Астанада +23°С дейін күн жылиды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер алдағы үш күнде Астанада күн жылынатынын болжауда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сәрсенбі, 12 қыркүйек күні қалада көшпелі бұлт жүріп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік бағыттан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде -1...-3 °С, күндіз +13...+15 °С.

Бейсенбі, 13 қыркүйек күні аспан ала бұлтты болып, жауын жаумайды. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен соғады. Температура түнде +4...+6 °С, күндіз +18...+20 °С.

Жұма, 14 қыркүйекте де көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз болады деп болжануда. Жел оңтүстік-батыстан 7-12, екпіні 15-20 м/с-ға жетеді. Температура түнде +6...+8 °С, күндіз +21...+23 °С.

Соңғы жаңалықтар