Астанада 24 қаңтарда оқушылар мен колледж студенттеріне сабақ болмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Білім басқармасы күннің суықтығына байланысты ертең де мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайтынын хабарлайды.

Астанада 24 қаңтарда оқушылар мен колледж студенттеріне сабақ болмайды

«24.01.2018 жылы ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші және екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды. Ақпарат аяздың күрт күшеюіне байланысты алдын ала беріліп отыр» делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше де сабақ болмайтыны туралы хабар күн бұрын хабарланған еді.