Астанада 25 ақпаннан бастап жаңа жылдамдық өлшеу құралдары іске қосылады

Тағы бір артықшылығы - бұл «Вокорд» кешендері жол ережесін бұзған көліктің мемлекеттік тіркеу номерін күндіз де, түнде де анықтап бере алады.
«Вокорд» кешендері көліктің мемлекеттік тіркеу нөмерін күндіз де, түнде де айырып тани алады. Яғни, түнгі уақытта нөмерді тану мүмкіндігі 98 пайыз»,-дейді кешендерді жасаған «Astana innovations» АҚ басқарма төрағасы Ескендір Тəжібеков.
Сонымен, «Вокорд» кешендері қаланың апат көп болатын учаскелерінде жүргізілген талдауға сай, мына көшелер таңдалған екен.
1. Екі кешен Қорғалжын тас жолындағы тазарту құрылғыларына қарама-қарсы жерде;
2. Бес кешен Сығанақ көшесінің бойында (көшенің бас жағында жəне Орынбор көшесімен қиылысатын жерде);
3. Екі жылдамдық өлшеу құралы Тұран даңғылында (Ұлттық қорғаныс университетіне қарсы);
4. Екі кешен қаладан оңтүстік бағытта шыға берістегі «Қарқаралы» тас жолының бойында («Garden Village» қалашығына қарсы бетте);
5. Екі кешен Керей мен Жəнібек хандар көшесі бойынша «Саранда» тұрғын үй кешеніне қарсы аумақта;
6. Алты жылдамдық өлшегіш құрал «Астана-Қарағанды» тас жолының бойырда орналасқан «Метро» сауда орталығына қарама-қарсы аймақта, айналма көпір мен Мичурино ауылы арасында;
7. Екі жылдамдық өлшеу құралы Байырқұм көшесіндегі көкөніс базасына қарсы бетте орналасады.