Астанада 25 мыңыншы болып туған сәбиге автокресло сыйланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәбидің анасының жағдайы жақсы және перзентханада шығуға дайындалып жатыр. Елорданың Денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, 7 қарашаға қараған түні №3 перзентханада 25 мыңыншы сәби (2016 жыл басынан бері) дүниеге келді. Жаңа туған сәбидің анасы Әсем Жанайдарованың айтуынша, баланың салмағы 2688 грамм, ал бойы 48 см.
Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері елорданың жаңа 25 мыңыншы сәбиіне кішігірім сыйлық - автокреслосы бар «қысқы/жазғы» арба сыйлады.
Мекеменің айтуынша, есеп туу уақыттарын журналға тіркеу арқылы жүргізілді. Мәліметтер Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығына жіберіліп отырған, сол арқылы Астанада дүниеге келген 25 мыңыншы баланы анықтадық.
«Бүгінде Астана қарқынды даму үстіндегі қала. Жыл сайын Астанадағы туу санының өсуі байқалады. Жыл сайын №3 перзентханада шамамен 7 мыңға жуық ана босанады. Биылғы 9 айда 1324 кесар тілігі операциялары жасалып, 6 184 әйел табиғи жолмен босанған», - деп жазылған хабарламада.