Астанада 25 шілдеде бұршақ жаууы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 шілдеде Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Астанада 25 шілдеде бұршақ жаууы мүмкін

25 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркіреп, бұршақ түседі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде және таңертең тұман түседі.

25 шілдеде Астана қаласында найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Дауылдың ықтималдығы 70-75%.

25-27 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Шаңды дауыл күтілуде. Дауылдың ықтималдығы 95-100 %.