Астанада 25 жастағы азаматты көлікке бола өлтірген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада полицейлер 25 жастағы ер адамды өлтірді деген күдікпен 1991, 1993 және 1994 жылғы үш азаматты ұстады. Күдіктілер ОҚО тұрғындары, олардың ешқайда жұмыс істемейтіндіктері атап өтіледі. Қылмысқа өлтірілген ер адамның көлігін иелену себеп болған.

Астанада 25 жастағы азаматты көлікке бола өлтірген

«2016 жылдың 4 сәуірінде сағат 09:00 шамасында Астана қалалық ІІД ЖБО-ға Сарыкөл көшесіндегі үйлердің бірінің жанында ер адамның мүрдесі табылғаны туралы  хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен тергеу-жедел тобы ер адамның денесінен зорлықпен өлтірілу белгілерін анықтады. Оған көптеген пышақ жарақаттары салынған», - делінген Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Криминалдық полиция қызметкерлері тәулік бойы жүргізген жедел-іздеу шаралар кешенінің нәтижесінде «Шанхай» базарының аумағында сол жерден қалааралық автобусқа мініп кетпек болған күдікті үш ер адамды ұстады.  Ұсталғандардың бірінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.