Астанада 250 000 теңге ақшалай сыйақы берілетін еліміздегі жалғыз марафон өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Алау» мұз сарайында «Alau Ice Marathon» ресми коньки тебу маусымының қорытынды кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлады astana.gov.kz.
None
None

Дәстүр бойынша көп сайыстан Қазақстан чемпионаты аяқталғаннан кейін спортшылар «Alau Ice Marathon» турнирінің дистанциясы - 60 айналымды бағындыру үшін мұз айдынға тағы да шығады. Марафонның екі ерекшелігі бар. Оның қашықтығы спортшылардың маусым бойы жүгіретін барлық дистанцияларынан ұзағырақ. Сонымен қатар, бұл 250 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы берілетін еліміздегі жалғыз ресми сайыс. Белгіленген қаржылай сыйақы қоры үшін спринтерлер де, стайерлер да бақтарын сынады. Жарыс жолына 20 адам шықты. Бұл елордалық марафон тарихындағы ең тартысты сайыс болды. Нәтижесінде Петропавл қаласының спортшысы Федор Андреев жеңіске жетті. Ал Федор Андреев үшін бұл «үлкен жолдағы» алғашқы толыққанды маусым. Бұған дейін ол шорт-трекпен айналысқан екен. «Алау» мұз сарайындағы коньки тебу маусымының ресми кезеңі өз мәресіне жетті. Алдағы уақытта балаларға арналған екі сайыс өткізіледі. Солардың қатарында ең маңыздысы - мектеп оқушылары арасындағы спартакиада. Айта кетейік, наурызда өткен ресми емес Қазақстан біріншілігінде Астана қаласының оқушылары 7 алтын медаль иеленіп, үздік нәтиже көрсеткен болатын. Алдағы спартакидада да айтарлықтай жетістікке жетеді деп үміттенеміз. Аталған жарыс 1 сәуірде басталады.

Соңғы жаңалықтар