Астанада 26 ақпанда бірқатар көшелерде су мен жарық болмайды
АСТАНА. Қазақпарат - Астанада 26 ақпанда бірқатар көшелерде жөндеу жұмыстарына байланысты су мен жарық бомайды. Бұл туралы қалалық шұғыл әрекет ету және мониторинг орталығына сілтемемен ҚазАқпарат хабарлайды.
Орталықтың Фейсбуктегі ресми парақшасында хабарланғандай, Лепсі көшесіндегі нөмірі 42, 42/1, Іле көшесіндегі 30, 30/1, 32, Қошқарбаев даңғылындағы нөмірі 80-ші үйде таңертеңгі 10-нан 22:00-ге дейін су болмайды. Себеп: 200 мм диаметрлі су құбырына жөндеу жүргізіледі.
Сондай-ақ, 9-дан 13:00 аралығында Көктал-1, Абайдың 150 жылдығы, Бозбиік, Ақбөкен, Жайылма көшелеріндегі үйлерде жарық сөндіріледі.
14-ден 17:30 аралығында Тілендиев даңғылы (жартылай), Радлов, Бозбиік, Кызылкенеш, Сұлутал, Сейдаллина, Ақбиік, Дәулет Керей, Байынкөл, Майлыбай, Келешек көшелерінде жарық болмайды.