14:20, 10 Мамыр 2012 | GMT +5
Астанада 26 жастағы әйел героинмен ұсталды
АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - 8 мамыр күні кешкі сағат 8 жарымда Астана қаласының ІІД-нің Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 26 жастағы әйелді ұстады.

Одан 12 грамм (11, 97) героин тәркіленді. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында мәлім болды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азаматша уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Бұдан бөлек, алматылық жедел қызмет уәкілдері Әуезов ауданындағы тұрғын үйдің кіреберісінде 42 келі марихуана сатпақ болған 44 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған. Оның пәтерін тінту барысында 51,5 келі марихуана тәркіленді.