09:00, 03 Мамыр 2025 | GMT +5
Астанада 27 автобустың бағдары өзгереді
АСТАНА. KAZINFORM — City Transportation Systems ЖШС Астанада 27 автобустың бағдары өзгеретінін хабарлады.

- № 5, 5A, 8, 9, 11, 13, 22, 22A, 23, 28, 31, 33, 55Б, 48, 60, 72, 73, 80, 505, 304, 313, 315, 316, 318, 321, 322, 327 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді, - деп жазды жауапты ведомстводан.
Автобустардың қозғалыс сызбасын мұндағы кестеден көруге болады.
Айта кетейік, елордада әскери шеруге дайындыққа байланысты бірқатар көше уақытша жабылады.