Астанада 27 жастағы азамат топырақ астында қалып, жазым болды
ТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Астана қаласының «Есіл» ауданында жол жиегінде жер жұмыстарын жүргізу барысында «Қалалық жол жөндеу құрылыс» ЖШС-ның 27 жастағы жұмысшысының үстіне биіктіктен топырақ құлап кетіп,
алған жарақаттардан ол оқиға орнында жан тәсілім етті. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.
Жексенбі күні түскі сағат 1 шамасында болған қайғылы оқиғадан зардап шеккен 32 жастағы тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді.