Астанада 280 үлескер үлестік құрылысқа қатысу туралы 2-ден 8 пәтерге дейін келісімшартқа отырған

АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астанада 280 үлескер үлестік құрылысқа қатысу туралы 2-ден 8 пәтерге дейін келісімшартқа отырған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. В. Школьниктің айтуынша, құрылысшылармен жаңадан келісімшартқа отырған 4 мың 700 үлескерді есептегенде, жалпы республикада бүгінде 43 мың 600 үлескер бар. Оның ішінде 23 мың 800-і Астанада, ал 12 мың 600-і Алматы қаласында тіркелген. Министрдің сөзіне қарағанда, 43 мың 600 үлескердің 6 мың 200-і бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудің нақты механизмдері анықталған жоқ.Бұл мәселені шешу үшін нысандар құрылысын аяқтау жолдарын айқындау қажет. Сонымен қатар республикалық деңгейде шешілетін мәселелер бар екенін жеткізген В. Школьник, «Астана әкімдігінің мәліметі бойынша, қалада бір үлескердің үлестік құрылысқа қатысуы туралы 2-ден 8 пәтерге дейін келісімшарт жасаған фактілері орын алған. Бұндай 280 үлескер тіркелген. Сондай-ақ осындай проблема Алматыда да бар», деді. Астана әкімдігінің пікіріне қарағанда, үлестік құрылысқа қатысушыларға мемлекеттік қолдау көрсету тұрғысында азаматтарға тек бір пәтер бойынша кепілдік берудің тетіктерін анықтау қажет.
Соңғы жаңалықтар