Астанада 2800 орындық 12 балабақша ашылады

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада 2800 орындық 12 балабақшаның құрылысы қолға алынған. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Білім басқармасынан хабарлады.

Астанада 2800 орындық 12 балабақша ашылады

Үстіміздегі жылы «Балапан» бағдарламасы аясында 2600 орындық 6 мемлекеттік, 8 жекеменшік балабақша, 2 шағын орталық ашылды. Бұдан басқа, қалада 139 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, оның ішінде 78-і - мемлекеттік, 60-ы - мемлекеттік емес және 1-еуі - ведомстволық балабақша.

5 жылда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны 2,5 есеге (2007 жылы 56 мектепке дейінгі ұйым болған) артқан.

Еске салайық, «Балапан» бағдарламасы бойынша 1-6 жастағы балаларды қамту 49,5%, 3-6 жастағы балалар 61,9% құрайды. 22 шағын орталық мектепке дейінгі дайындық жұмыстарымен қамту деңгейін 88,6% (15260 бала) ұлғайтты.