Астанада 29 тамызда бос орындар жәрмеңкесі өтеді
АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - 29 тамызда Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлады.
Ведомствоның атап өтуінше, алдағы жәрмеңкенің негізгі мақсаты - азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдем көрсету, оларға әлеуметтік қорғау шаралары туралы, сондай-ақ еңбек нарығындағы ахуал жөніндегі ақпараттар ұсынылады.
Аstana.kz сайтының жазуынша, сонымен қатар жәрмеңкеде Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары әр түрлі сұрақтар бойынша кеңес береді, қайта оқыту және жаңа мамандық алудың мүмкіндіктері, оқу орындарының түлектеріне жастар тәжірибесінен өту мүмкіндіктері туралы айтылады.
Жәрмеңке сағат 10.00-13-00 Ақан Сері көшесі 22, № 58 орта мектебінің ғимаратында өтеді.