Астанада 3,5 мыңға жуық отбасы апатты үйлерден көшірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы Астанада апатты жағдайдағы үйлерді сүру бойынша жобаның алғашқы кезеңі аяқталды. Бұл туралы бүгін Астана әкімі Әсет Исекешев халыққа есеп беру кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Астанада 3,5 мыңға жуық отбасы апатты үйлерден көшірілді

Атап өтілгендей, ескі үйлерді сүру жұмыстары 2013-2018 жылдар аралығындағы бағдарламаға сәйкес іске асырылды.

«Жобаның алғашқы кезеңінде 228 апатты үйден 15 мыңға жуық астаналық, яғни 3449 отбасы көшірілді. Оның ішінде, 2017 жылы 111 апатты үйден 1746 отбасы жаңа баспана алды», - деді Әсет Исекешев «Астана» концерт залында өткен есептік кездесуінде.  

Сонымен бірге, әкім қазіргі уақытта елордада апатты үйлерді сүру жобасының екінші кезеңі басталғанын атап өтті. Жалпы  жоба шеңберінде 5 жылда 150 көппәтерлі үйді жою жоспарланған.