Астанада 3 850 тонна көкөніс пен азық-түлік өнімдерін сақтай алатын қойма ашылды

Шаруашылық басшысы Ұлан Арынбековтың айтуынша, аталған нысан елорданың азық-түлік белдеуін қалыптастыруға көмектесіп, жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерінің бағасын ұстап тұруға мүмкіндік бермек. «Бүгінде қоймаға 3 850 тонна өнімді сыйғыздыруға болады. Алдағы уақытта оны 10 мың тоннаға дейін жеткізу көзделген. Ол үшін қойма жанынан қосымша құрылыс нысандары салынады. Қазіргі кезде қоймада 500 тонна картоп бар, тағы пияз қабылдап жатырмыз. Ал арнайы сақтау камераларында республиканың оңтүстігінен келетін алма өнімдерін сақтауға мүмкіндік бар. Себебі бұл жерде Голландияның технологиясы негізінде ұзақ мерзімге сақтау шаралары қарастырылған», - дейді Ұ.Арынбеков.
Айта кетейік, жаңа жобаның жалпы құны - 403 млн. теңге. Оның 245 млн.теңгесі - «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржысы.