Астанада 3 адам иіс тиіп уланды, олардың арасында нәресте бар - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Астанада 3 адам иіс тиіп уланды, олардың арасында жаңа туған сәби бар, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Дүйсенбі, 20 ақпан күні Астана қаласының «Көктал-2» шағынауданында орналасқан Ақмола көшесіндегі (нөмірі 20) жеке тұрғын үйде қатты отынмен жанатын пештің ақаулығы салдарынан 19 жастағы жігіт, 21 жастағы ер азамат және 2012 жылғы сәбиге иіс тиіп, ауруханаға жатқызылды.