Астанада 3 автобустың қозғалысы шектеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада бүгін және ертең Пушкин көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарына байланысты үш қоғамдық көліктің қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Астана ЛРТ» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«7 қыркүйек күні сағат 10:00 мен 00:00 аралығында және 8 қыркүйек күні Тәуелсіздік даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі участіктегі Пушкин көшесінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты автобус қозғалысы шектеледі», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда «Арнау» ТК-дағы бастапқы пунктінен Тәуелсіздік даңғылының қиылысынан - Пушкин көшесіне дейінгі , № 60 автобустың қозғалысы өзгеріссіз қозғалады. Ал одан кейін автобус оңға Тәуелсіздік даңғылына, одан кейін солға Мұнайтпасов көшесіне, одан соң оңға Абылай хан даңғылына бұрылып, ары қарай қалыпты бағдарда жүре береді. Қайтқан жолда да автобус  аталмыш қозғалыс сызбасына сай жүреді.

Сол секілді №73 автобус «Промышленный»ТМ-дағы бастапқы пунктінен Сәтпаев пен Мұнайтпасов көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз қозғалып, одан кейін Сәтпаев көшесімен Иманов көшесіне дейін тіке тартады. Осыдан кейін Жұбанов көшесіне бұрылу арқылы қалыпты бағдарға түседі. Қайтқан жолда да автобус осы бағдармен қозғалады.

Ал №104  автобус «Азия парк» ОСО-дағы бастапқы пунктінен Тәуелсіздік даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысына дейін өзгеріссіз қозғалып, одан кейін оңға бұрылу арқылы Тәуелсіздік даңғылына, кейін солға бұрылып Мұнайтпасов көшесіне түседі де, осыдан кейін Абылай хан көшесіне, одан ары оңға бұрылып Пушкин көшесіне жетеді. Кейін қалыпты бағдарына түседі.

Қайтар жолда да автобус аталмыш қозғалыс сызбасына сай жүретін болады.

Соңғы жаңалықтар