Астанада 3 маусымда «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» байқауының іріктеу кезеңдері басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада маусым айының бірінші жартысында 18-45 жастағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» байқауының іріктеу кезеңдері өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Астанада 3-12 маусымда 9 аталым бойынша іріктеу кезеңдері өтеді. Соның ішінде, «Үздік әлеуметтік жоба», «Кәсібінің үздігі», «Алтын қауырсын», «Үздік студент», «Үздік би», «Үздік орындаушы», «Үздік жасампаз», «Ең тату отбасы», «Ақылдылар».

«Бәріміз бірдейміз кемсітуді білмейміз» байқауы мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде өткізіліп келеді. Байқау Астанада алғаш рет былтыр өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға көмектесу, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін қолдану.

Соңғы жаңалықтар