Астанада 3 мың адам бір мезгілде Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 5 қазаны күні Астанадағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің алдындағы алаңда «Мен Қазақстан азаматымын!» атты патриоттық акция өтеді.
None
None

Оның барысында 3 мың адам жанды дауыспен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайтын болады.

Акцияның мақсаты - Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына құрмет білдіру және жастар арасында патриоттық рухты көтеру.

Іс-шара барысында акция қатысушылары алдында ҚГЗУ-нің президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Мақсұт Нәрікбаев сөз сөйлейтін болады, сондай-ақ республикалық гвардияның құрметті қарауылының плац-концерті өтеді.

Соңғы жаңалықтар