Астанада 3 мыңға жуық азамат әскерден жалтарып жүр

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 3 мыңға жуық азамат әскери міндетін орындаудан жалтарып жүр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Ақжартай Уәлиахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мерзімді әскери міндетін орындаудан жалтаратын азаматтар болады. Біз полиция басқармаларына олардың тізімін жолдаймыз. Кейін заңнамада көрсетілген тәртіптерге сәйкес, азаматтарды іздестіру жұмыстары жүргізіледі. Әскери борышын өтеуге міндеттілер есебінде тұғандар көбіне Нұр-Сұлтан қаласына уақытша келіп, басқа мекенжайлар бойынша тіркеледі. Осыған байланысты оларды табу қиынға соғады. Қазіргі таңда елорда бойынша мерзімді әскери міндеттен жалтарған 3 мыңға жуық азамат іздестіріліп жатыр», - деді Ақжартай Уәлиахметов.

Еске салайық, биыл әскер қатарына 18 мыңнан астам жасты шақыру жоспарланып отыр. Оның ішінде Қарулы күштерге 8 мың, басқа да әскери құрылымдарға 10 мыңнан астам азаматты мерзімді қызметке шақыру қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар