Астанада 3-ші сынып оқушылары үшін Қазақ елінің Тұңғыш Президентінің тұлғасына арналған экскурсиялық сабақ өтті

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында 3-ші сынып оқушылары үшін Қазақ елінің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың тұлғасымен таныстыруға арналған экскурсиялық сабақ өтті.
None
None

«Туған жерім тұғырым» тақырыбында өткен экскурсиялық сабақтың мақсаты ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев тұлғасының қалыптасу кезеңдерімен таныстыра отырып, оқушы бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық және лидерлік қасиеттердің қалыптасуына ықпал ету.

ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы тарихи және мәдени құндылықтарды жинақтап, сақтап қана қоймайды сондай-ақ, Елбасының өмірі мен қызметі жайында жіті баяндайтын Білім беру бағдарламасын жүзеге асырады.

Балалар аудиториясымен жұмыс жасау мұражайдың басым бағыттарының бірі болғандықтан, мұражай педагогтары мен мектеп ұстаздарының бірлесіп қызмет жасауы дәстүрге айналды. Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияның 3-сынып оқушыларына Мемлекет басшысының отбасы, туған жері, өскен ортасы жайында әңгімеленді.

Тыңдаушылар Тәуелсіздіктің кірпішін қалап, Қазақстан Республикасы деп аталатын мемлекеттің негізін құрған Елбасының бойындағы тұлғалық қабілеттерінің қалыптасуына ықпал еткен материалдармен, яғни отбасылық фотосуреттермен, дәстүрлі құжаттармен, жерлестерімен және қазақстандық тұрғындардан берілген жәдігерлермен, ән мен жырға арқау болған Үшқоңыр өлкесінің таңғажайып табиғатын суреттейтін шығармалармен танысты.

Экскурсиялық сабақ барысында Президенттің жеке мұрағатынан алынған құжаттар мен 2009 жылы сәуір айында мұражайдың мұражай педагогикасы орталығы қызметкерлерінің Елбасының «кіші» Отанында жүргізген ғылыми-іздестіру экспедициясының негізінде алынған материалдар пайдаланылды.

Соңғы жаңалықтар