Астанада 3 жасар бала 16-қабаттан құлап, мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 3 жасар бала 16-қабаттан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада 3 жасар бала 16-қабаттан құлап, мерт болды

Ведомство берген мәліметтерге қарағанда, жантүршігерлік оқиға 13 мамыр, жексенбі күні 12:12-де, Иманов көшесінде болған.

«2015 жылы туған бүлдіршін үлкендердің қарауынсыз қалып, абайсызда 16-қабаттан құлап кеткен. Ауыр жарақаттар салдарынан оқиға орнында қаза тапты», - деп мәлімдеді ТЖК өкілдері.

Комитет қызметкерлерінің айтуынша, бала үйдің қосалқы баспалдағынан құлаған.