Астанада 3 жастағы қыз ашық құдыққа түсіп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 жасар қыз тереңдігі бес метрден асатын құдыққа түсіп кетті.
None
None

Қыздың анасы Динара Әділханова тереңдігі бес метрден асатын құдыққа 3 жасар қызының құлап кеткенін айтты.

Кішкентай Ясмин абырой болғанда тірі қалды, оған дер кезінде әкесі мен көршілер көмекке келді, деп хабарлады «Хабар» телеарнасы.

«Жігіттер, көршілер келді, арқанмен төмен түсіп, баланы іліп, жоғары жібердім, содан кейін мені көтеріп алды. Әдетте оның ішінде баспа болатын, онда жоқ екен, табан тірейтін жер де жоқ», - деді қыздың әкесі Медет Әділханов.

Ясмин мен оның әкесі Медет сасыған кәріз құдығында 20 минуттай отырды. Төтенше оқиғадан кейін баланы бірден ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер тексеріп көрді, сынған жері жоқ, бірақ қыз жөтеліп, температурасы көтеріле бастады.

«Баланы тыныс жолдары қабынуы диагнозымен пульманология бөліміне ауыстырды. Қазір оның хәлі орташа жағдайда. 7 күндей дәрігерлердің қарауында болады», -деді №2 қалалық аурухананың пульманология бөлімінің ординатор-дәрігері.

Баланың ата-анасы полицияға шағым беріп, коммуналдық қызметке арызданды. Астаналық әкімдік қар тазалайтын машина көшені тазалап жүргенде кездейсоқ құдықтың қақпағын ысырып жберген шығар, деген уәжін келтірді. Бірақ құдық жол жүрісі бөлігінде емес екенін айтқан жөн. Іс бойынша тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Астана қаласы коммуналдық шаруашылық басқармасының сумен жабдықтау бөлімінің бас маманы Елдос Ибатаевтың айтуынша,құдық мердігерлік ұйымның қарауында болған, оған қатысты кінәлілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Сол күні құдықтың қақпағы жабылды.

Маманның атап өтуінше, соңғы екі аптада Астанада 217 құдық қақпақтары тексерілді, оның 136-сы жабылды, қалғандарына ескерту белгілері қойылды. Құдықтардың ашық қалуының үш негізгі себебі бар: бұл - жөндеу жұмыстары, екіншіден - қар тазалау техникасының бейқамдығы, дегенмен көбіне металл қақпақтарды ұрлап кетеді.

Соңғы жаңалықтар