Астанада 3 жасырын ойын залы анықталып, 29 ойын автоматы тәркіленді

АСТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елордада 3 жасырын ойын залы анықталып, 29 ойын автоматы тәркіленді.

Астанада 3 жасырын ойын залы анықталып, 29  ойын автоматы тәркіленді

Бұл туралы бүгін Астана қалалық ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Талғат Жұманов мәлім етті.

«Елорда аумағында өткен «Барыс» жедел алдын алу шарасы барысында Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 3 жасырын ойын залын анықтап, 29 ойын автоматын тәркіледі», - деді ол.

Сондай-ақ оның атап өтуінше, сапаржай аумағы, хауыздар тексерілген. Нәтижесінде жеңіл жүріске салынған 40-тан астам бөйжеткен ұсталған. Олардың алтауы арнайы қабылдау орнына жеткізілген. Сонымен бірге іс-шара барысында заңсыз айналымнан бірнеше травматикалық және суық қару, электрошокерлер алынған.