Астанада 30-ға жуық елдің бокшысы олимпиадалық лицензияларды сарапқа салады
АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 5-12 сәуірі аралығында Астанада АИБА-ның Азия олимпиадалық біліктілік турнирі өтеді.
Турнирге әлемнің 28 елінен 130-ға жуық боксшы қатысады деп күтілуде. Олар олимпиадалық 25 лицензия үшін бақталастыратын болады.
ҚР Ұлттық құрамасының еншісінде бүгінгі күні 6 олимпиадалық лицензия бар болғандықтан, отандық боксшылар бұл турнирге төрт салмақтық дәреже бойынша қатысады - 49, 52, 64 және 91 келі.
Турнир «Дәулет» Ұлттық теннис орталығында өтеді.