Астанада 30-ға жуық отандық туар өндірушілер күш-қуат құрылымдарына өздерінің әскери мақсаттағы өнімдерін көрсетті
деп хабарлайды «Қазақстан инжиниринг» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, шараны «Қазақстан инжиниринг» акционерлік қоғамы ұйымдастырды. Шараға Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері мен өзге де бірқатар ведомство өкілдері қатысты. Көрменің мақсаты - әскери мақсаттағы тауар өндірушілер мен оны тұтынушылар арасындағы қалыптасқан байланыстарды жетілдіріп, жаңа әріптестік қатынастар орнату болып табылады. Бұл ретте «Казақстан инжиниринг» акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорындарының өнімдері көрмеге қатысушыларды қызықтырғандығын айта кету керек. Мұндай үлгідегі кездесу елімізде алғаш рет ұйымдастырылуда және ол еліміздің қорғаныс саласындағы өндіріс кешенінің қазіргі жағдайына баға беріп, қазақстандық тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтап, оларды жетілдіруге мүмкіндік берді десе болады.