Астанада 300-ден астам күзен тонды заңсыз алып өтпек болған ер адам сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 300-ден астам күзен тоны контрабандасы үшін ер адам 4 жылға сотталды, деп хабарлады Астана қаласы мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметінде.
None
None

Еске салсақ, 2016 жылғы 16 тамызда Астана қаласы Халықаралық әуежайда жедел тергеу шараларын жүргізу барысында Астана қаласы МКД экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері Қытайдан елордаға 324 тон алып өтпекші болған қылмыскерлердің жолын кесті.

2015 жылғы 16 қарашада азаматтар Р.С. Смағұлов пен Ж.К. Ілиясовқа қатысты ҚР ҚК 234-бабы 2-б., 4.5-т., сондай-ақ Е.М. Сәтеновке қатысты ҚР ҚК 234-б., 3-б., 1-т. ҚР ҚК 361-б, 2-б. көзделген әрекетті жасады деген күдікпен қозғалған қылмыстық іс өндірісі аяқталып, Астана қаласы «Есіл» ауданы №2 сотқа жіберілді.

2016 жылғы 26 қаңтардағы сот үкіміне сәйкес: Е.М. Сәтеновке мүлкі тәркілене отырып, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, жалпы режімдегі колонияда жазасын өтеу жазасы тағайындалды.

Р.С. Смағұлов пен Ж.К. Ілиясовқа жеке тиесілі мүліктері тәркілене отырып, 2500 АЕК- 4 995 000 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар