Астанада 300-ден астам үлескер бірнеше жылдан бері күтіп жүрген пәтерін алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорда 300-ден астам үлескер пәтерін алды. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні 300-ден астам үлескер отбасы пәтерінің кілтін алды. «Royal Expo» тұрғын үй кешенінің тұрғындары бірнеше жыл бұрын қоныстануы керек еді. Біз өз тарапымыздан өзге де үлескерлердің тезірек баспаналы болу мәселесін шешуді жалғастырамыз. Ал қалған 15 нысан бойынша (30-дан астам тұрғын үй кешені) сапасына ерекше назар аударуды әрі құрылыс қарқынын жеделдетуді тапсырдым. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында», - деп жазды әкім.

Еске салсақ, Астанада үлескерлер күтіп жүрген 50 үйдің 36-сының проблемасы шешілді.
Соңғы жаңалықтар