Астанада 300-ге жуық бала дельфиндер шоуын тегін тамашалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде Астана қаласының Алматы ауданы әкімдігі «Дельфинарий» аквакешенімен бірлесіп 290 балаға арнап қайырымдылық шарасын өткізді.

Астанада 300-ге жуық бала дельфиндер шоуын тегін тамашалады

Теңіз сүтқоректілерінің шоуына балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі балалар шақырылды. Қойылым бағдарламасында афалин-дельфиндерінің, теңіз мысықтарының, ақ поляр китінің трюктері жасалды.

Акция ұйымдастырушылары сенбі күні тағы 290 бүлдіршінге жарқын бағдарлама ұсынып, көңіл-күйлерін көтермек.