Астанада 36 мың текше метрден астам қар шығарылды
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада 11 қараша - 2 желтоқсан аралығында 36 543 текше метр қар шығарылды.
Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана Тазалық» ЖШС баспасөз қызметінен хабарлады.
Ал 1-2 желтоқсанда қар молынан түсті, оны жинауға 673 техника тартылды. Көшелерді қолмен жинауға 389 жұмысшы қатысты, Бұдан басқа, 137 КО-806, КО-713, Jet broom, Unimog-400 сыпыру-жинау машинасы, 72 КО-713, МДК ПМ, МАЗ, КО-806 ("Астана Зеленстрой" АҚ) сыпыру-жинау машинасы, 41 тротуарларды жинауға арналған машина, 45 құм төсейтін машиналар, 32 автогрейдер, 45 табанды қар тиегіш, 50 фронталды тиегіш пен 251 КамАЗ самосвалы жұмыс істеді.