Астанада 374 мың тонна көмір, 4 мың тонна мазут қоры жиналды

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Биылғы 1 қазандағы жағдайға бойынша Астанадағы көмір қоры 374 543 тоннаны, мазут қоры 4 010 тоннаны құрады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астана қалалық әкімдігінде күзгі-қысқы жылу беру маусымына Астананың дайындығы мәселесі бойынша өткен жиналыста мәлім етілді.

«Астана-Энергия» АҚ жалпы жылу өндіру ұзақтығы 480 Гкал/сағ.-тық 4 қазандығы бар ЖЭО-2 су жылыту қазандығын пайдалануға енгізу бұрынғы қуаты 1896 Гкал/сағ. есебінде болған қаланың жылу жүктемесіндегі жалпы қуаттылығын 1 999,14 Гкал/сағ.-қа дейін жеткізді. Сондай-ақ, ЖЭО-1 стансаларындағы қазан агрегаттарында кеңейтілген ағымдық жөндеу, қосымша құұрылғыларға қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Әкімдіктің таратқан мәліметтеріне қарағанда, бұрынғы аудандық қазандықтар, атап айтсақ, «Нысана» МҚК, Железнодорожный, Промышленный, Мичурин, Пригородный және Дулатов көшесіндегі қазандықтар «Астана-Энергия» балансына алынған. Олардың балансқа берілуі аталмыш аудандардағы жылу энергиясының тарифін төмендетуге мүмкіндік туғызады.

Соңғы жаңалықтар