Астанада 4-7 шілде аралығында автобустар мерекелік іс-шаралар аяқталғанша қатынайтын болады

АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Мереке күндері шілденің 4-нен 7-не дейін қоғамдық көліктер барлық іс-шаралар аяқталғанша қатынайтын болады.
None
None

Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан мәлім етті.

«Мерекелік іс-шаралар кезінде 4-нен 7 шілдеге дейін қоғамдық көліктер барлық іс-шаралар аяқталғанша қатынайтын болады. Олар: № 10, 12, 27, 30, 40, 43, 41, 4, 14, 21 автобус бағдарлары»,- делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, Астананың 15 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шараларды өткізуге байланысты қаланың бірқатар көшелерінде 4-нен 8 шілдеге дейін көлік қозғалысы шектеледі.

4 шілдеде Тәуелсіздік даңғылында А.Байтұрсынов көшесінен Жұмекен Нәжімеденов көшесіне дейінгі жолды Обаған көшесі арқылы айналып өту ұсынылады;

6 шілдеде Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен мына бағдарлар бойынша: Республика даңғылы - Қабанбай Батыр даңғылы - Қонаев көшесінде шеру өтеді. Осыған байланысты 08.30-дан 11.00-ге дейін Республика даңғылында С.Сейфуллин көшесінен А. Бараев көшесіне дейін;

10.30-дан 12.00-ге дейін - Қабанбай батыр даңғылында А.Бараев көшесінен Достық даңғылына дейін, Қонаев көшесінде Тұран даңғылынан Орынбор көшесіне дейін көлік қозғалысы тоқтатылады.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мереке күндері 450 қызметкер мен 80 автомашина тартылып, жол полициясының жеке құрамы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіріледі, деп атап көрсетеді қалалық жол полициясы.

Көлік құралдары, соның ішінде қоғамдық көліктердің қозғалыс бағдарларын реттеу мақсатында жол полициясы өзіңіздің жүріс бағытыңызды алдын ала айқындап, шектеу қойылған жол телімдерін айналып өтуді ұсынады.

Соңғы жаңалықтар