Астанада 4 көлік соқтығысты (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 10 қыркүйек, сағат түнгі 22:00 шамасында сол жағалауда, Оқушылар сарайы маңында 4 көлік соқтығысқан жол апаты болды.
Дэу Нексиа автокөлігі иесінің айтуынша, жол апатына себеп болған - Тойота жүргізушісі. Соның кесірінен дереу тоқтап, оған БМВ көлігі келіп соғылған.
Соның кесірінен тағы да екі: Шкода және Субару көліктері келіп соғылған. Зардап шеккендер мен жарақаттанғандар жоқ.
Көлік жүргізушілерінің айтуынша, олар ұзақ уақыт жол полициясы қызметкерлерін күткен.