Астанада 4 мыңнан астам түлек үшін «соңғы қоңырау» соғылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 11 сынып оқушылары мектеппен қоштасты, 4 мыңнан астам түлек үшін бүгін «соңғы қоңырау» соғылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

Түлектерге арналған мерекелік шара барысында мектеп директорлары, мұғалімдер, сынып жетекшілері, ата-аналар сөз сөйлеп, өз тілектерін білдірді. Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев № 60 мектеп-лицейдің түлектерін құттықтады.

- Бұл сіздер үшін қобалжу сәті, сіздер ересек өмірге аяқ басқалы тұрсыздар, алдарыңызда үлкен өмірлік жол тұр. Әр адамның тағдыры оның өзіне байланысты. Сіздер үшін барлық жағдайлар жасалды: мектепті бітірдіңдер, жақсы білім алдыңдар. Енді жаңа мамандықты игеріп, өмірден өз орындарыңды табуларыңа тілектеспін. Ақ жол болсын! - деді Е. Аманшаев түлектерге қаратып айтқан сөзінде.

№75 мектеп-гимназияда өткен салтанатты шараға ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қатысты, ал вице-министр Эльмира Суханбердиева №1 мектеп-лицейдің түлектерін құттықтады.

Түлектер соңғы мектеп вальсын билеп, шара соңында көкке көгершіндер мен түрлі түсті шарлар ұшырылды.

- Бәріміз де қобалжып тұрмыз. Мектепті үздік бітіріп, ҰБТ-ға жақсылап дайындалып жатырмыз. Бәрі де 125 алсын. Сәттілік тілеймін, - деді Амангелдина Жанель.

Сонымен қатар, «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда дискотека, интерактивті конкурстар, флешмоб және т.б. қызықты ойын-сауықтар ұйымдастырылды. Бұл күн түлектердің есінде мәңгі сақталып қалады.

Елордалық шығармашылық ұжымдар мен Оқушылар сарайының үздік әртістері керемет музыкалық және би номерлерімен баршаға жақсы көңіл-күй сыйлады.

null

Соңғы жаңалықтар