Астанада 4 жасар бала 5-ші қабаттан құлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада кеше, 29 сәуір күні кешкі алтылардың шамасында тоғыз қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан абайсызда 4 жасар бала құлап кетті.

Астанада 4 жасар бала 5-ші қабаттан құлап кетті

Түрлі жарақат алған бала қазір ауруханада, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.