Астанада 40 тонналық екі контейнер жанып кетті

АСТАНА. KAZINFORM - Астанада контейнерден өрт шықты. 

өрт
Фото: ТЖМ

Бүгін таңғы 04:59 шамасында Астана қаласының Байқоңыр ауданында қоймада 40 тонналық екі контейнерде өрт тұтанған.

Қызыл жалын 100 шшаршы метрді шарпыды. 

Таңғы 07:06 кезінде өрт сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

ТЖД жеке құрамнан 9 адам және 2 техника жұмылдырылған.