Астанада 40 жастағы ер адам жүк пойызының астына түсіп мерт болды
АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 00.54-те Астанада 40 жастағы ер адам жүк пойызының астына түсіп, мерт болды.
Қайғылы оқиға «Сороковая» стансасында орын алды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.