Астанада 400 әйел тұрмыс барысындағы зорлық-зомбылықтан зардап шекті

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Жыл басынан бері Астанада 400-ге жуық әйел тұрмыс барысындағы зорлық-зобмьылықтан жапа шеккен, деп хабарлайды Астана ІІД-нің жергілікті полиция қызметі.
None
None

Қаңтардан бері 2,5 мың қорғау туралы ұйғарым шығарылып, отбасылық қарым-қатынас барысындағы құқықбұзушылық әрекеттер үшін 370 адам әкімшілік жауапқа тартылған.

Отбасылық қарым-қатынас барысындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және әйелдер мен балалардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Астана қалалық ІІД ЖПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы «Қорғау-Астана» жеке қоры және «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы» КММ-мен ынтымақтастықта «Отбасындағы зорлыққа жол жоқ!» шарасын ұйымдастырды.

Акция барысында ұйымдастырушылар неке мен отбасын сақтап қалу, ерлі-зайыптылар байланысын жақсарту және кәмелетке толмаған балалардың тәрбиесі бойынша ата-ана міндеттемелерін дұрыс орындау мәселелерінде мұқтаж азаматтарға заңдық және психологиялық көмек көрсетті. Бұдан тыс, көшелерде әйелдер мен балаларға күш көрсету мен кемсіту мәселелері бойынша кітапшалар мен буклеттер таратылды. Жалпы, аталған шара аясында 160-тан астам адамға кеңес берілді.

Соңғы жаңалықтар