Астанада 4000-ға тарта көпбалалы отбасы тұрады

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылдың соңындағы есеп бойынша елордада кәмелетке толмаған 4 және одан да көп балалары бар 3 887 отбасы, сондай-ақ, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларын иеленген 3 478 көп балалы ана тұрады. Бұл туралы astana.kz сайтынан хабарланды.
None
None

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша, Астанадағы көпбалалы аналарға қалалық және қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жүру, тегін тіс протездерін (тіс протезі қымбат металдан болмауы қажет) салдыру секілді жеңілдіктер қарастырылған. Бұдан бөлек, 8 наурыз, Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай жыл сайын 3000 теңге мөлшерінде бір реттік ақшалай төлем жасалатын әлеуметтік көмек түрлері қарастырылған.

Еске салайық, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасын қолдау жөнінде Қазақстанда 2005 жылдың 28 маусымында № 63-111 «Балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заң шыққан болатын. Осы Заңға сәйкес табысы азық-түлік себеті құнынан төмен, асырауында 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар әр баласына 1 айлық есептік көрсеткіш (1731 теңге) көлемінде жәрдемақы алуға құқылар бар. 2012 жылдың 4 тоқсанында азық-түлік себетінің жиынтық бағасы 11 980 теңгені құраған болатын.

Соңғы жаңалықтар