Астанада 43 киләға жуық түрлі есірткі заттары айналымнан шығарылды

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Жыл басынан бері Астана қаласында 7 есірткі сату ошағы анықталып, 43 киләға жуық түрлі есірткі заттары айналымнан шығарылды.
None
None
Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Аясын Байділдаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, аталған мерзімде есірткіге қатысты 17 заң бұзушылықтар тіркеліп, олардың 15-і есірткі заттарын сату фактілеріне байланысты болып отыр. «Астана қаласы бойынша 7 есірткі сату ошағы анықталып, 43 киләға жуық түрлі есірткі заттары айналымнан шығарылды. Оның 1 киләға жуығы немесе 741 граммы - героин», - деді А.Байділдаев.
Соңғы жаңалықтар