Астанада 43-ші халықаралық дәстүрлі музыка конференциясы (ICTM) өз жұмысын бастады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақ ұлттық өнер университетінде 43-ші халықаралық дәстүрлі музыка конференциясы (ICTM) өз жұмысын бастады.
None
None

«Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан бүгінгі конференцияға қатысушылардың барлығына қош келдіңіздер деймін. ICTM басшылығына 43-ші Халықаралық дәстүрлі музыка конференциясын өткізу орнына Қазақстанды, оның ішінде Астана қаласын таңдап алғандарына алғысымызды білдіреміз. Менің ойымша, бұл кездейсоқтық емес. Соңғы уақыттарда біздің атақты музыканттарымыз Қазақстанды және қазақ халқын дүние жүзіне танытып жүр. Олар әлемдегі ең беделді мәдени мекемелерде өнер көрсетуде. Музыка адамға күш-қуат, көңіл-күй, денсаулық сыйлайды және ең бастысы, ол бейбітшілік жаршысы бола алады. Музыка адамдарды ұлт пен ұлысқа, мемлекетке бөлмейді, керісінше бір-біріне жақындата түседі», - деп атап өтті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев өзінің алғы сөзінде.

Айта кетейік, ICTM дүниежүзілік конференциялары 1947 жылдан бері екі жылда бір рет ұйымдастырылып келе жатыр. Мұндай жиындар кең ауқымымен және дәстүрлі мәдениеттің әлемдік қауымдастықпен тығыз байланысуымен ерекшеленеді.

Биыл конференция тұңғыш рет Қазақстанда ұйымдастырылып отыр. Жоспар бойынша 16-22 шілде аралығында оның жұмысына 70 шақты елден келген 800-ге жуық музыка өнерінің сарапшылары мен мамандары қатысады.

Соңғы жаңалықтар