10:53, 30 Маусым 2012 | GMT +5
Астанада 44 жастағы ер адам көпірден секіріп, Есіл өзеніне батып кетті
АСТАНА. 30 маусым. ҚазАқпарат - Астанада Есіл өзені арқылы «Тұлпар» көпірінде төтенше жағдай орын алды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, кеше сағат 19.05-те белгісіз жағдайларда 44 жастағы ер адам көпірден секіріп, суға батып кетті. ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің күшімен (6 адам мен 2 техника) 15 минуттан кейін оның мәйіті жағаға шығарылды.