Астанада 5 бағдарға жаңа автобустар қосылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында бүгіннен, яғни 1 қыркүйектен бастап 5 бағдарға қосымша автобус қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.
Олар - №№ 12, 37, 50, 52, 56 бағдарлар.
Мәселен, № 52 бағдар бірден 5 автобусқа артты.
Қалғандарына бір-екі автобустан қосылған.
Сонымен қазір жүріп тұрған 781 автобус тағы 10-ға толығып, 791 болды.
«Басқа бағыттарға да автобус қосу жоспарда бар» денп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.