Астанада 5 қабатты үйдің пәтеріндегі өртті сөндіру кезінде 16 жасар жасөспірімнің мәйіті анықталды

АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада 25 тамызда 14 сағат 21 минутта Абылайхан даңғылында орналасқан 5 қабатты үйдің пәтерінде өрт шықты.

Астанада 5 қабатты үйдің пәтеріндегі өртті сөндіру кезінде 16 жасар жасөспірімнің мәйіті анықталды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, жалын 36 минуттан кейін өшірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қаласы ТЖД-ның 13 адамнан құралған жеке құрамы мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрт аумағы 18 шаршыметрді қамтыды. Оқиға орнынан 16 жасар жасөспірімнің мәйіті анықталды.