Астанада 5 қазанда жылыту маусымы басталады

Энергокешен күзгі-қысқы кезеңге дайын. 27 қыркүйекте қала басшысының орынбасары, Штаб төрағасы Василий Крылов Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовке тұрғын үй қорының қысқа 100% дайын екендігін баяндады. Атап айтқанда, орталықтандырылған жылу беру жүйесіне қосылған көп пәтерлі 2015 үй, 170-тен астам білім, денсаулық сақтау және мәдени нысандар. Осы күннен бастап, әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандарға біртіндеп жылу беріле бастады. Сонымен қатар, жеке меншікті 3 кәсіпорын, соның ішінде, осы күнге дейін дайындық төлқұжаттарын ресімдеу құжаттарын тапсырмаған «Артем» сауда үйіне нысандарды қолданыстағы нормалар мен талаптарға сәйкес келтірмейінше, жылу берілмейді. Кәсіпорындарға тиісті хабарламалар алдын ала таратылды.
Инвестициялық бағдарламаға сәйкес, «Астана-Энергия» АҚ-ның ЖЭО-1 №8 қазандықтың жұмысын арттыру және желілік су жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қоймаларға үздіксіз көмір тасымалдауды қамтамасыз ететін 8 темір жол желісі қалпына келтірілді.
ЖЭО-2 бойынша 2012 жылы пайдалануға берілген су қыздыру қазандығының зертханасы толық құрастырылды, №2 жаңа күл үйіндісін төгетін орынның құрылысы мен бас корпустың төбесін қалпына келтіру жұмыстары аяқталып келеді.
Тұтастай энергокешен бойынша отын қоры 320 мың тоннадан астам көмірден және 15 мың тонна мазуттан тұрады. Резервте 5,4 мың тонна мазут бар.
«Астана Жылутранзит» АҚ 1094 метр магистраль желісіне және 1300 метр таратушы желіге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. 12,3 км жылу желісі ағымдық жөндеуден өтті. 4 317 м2 құбырды жылумен оқшаулау қалпына келтірілді, бұл жылу желілеріндегі шығынды азайтуға мүмкіндік береді.
Инвестициялық бағдарлама аясында кәсіпорын жылуды есептеу құралдарын сатып алу және орнату шараларын орындауда. Бірінші кезеңде 406 тұрғын үй кешеніне жылуды есептеу құралдарымен қамтылды. Атап айтқанда, Алматы ауданында - 226 үй, Сарыарқа ауданында - 180 үй.
Үстіміздегі жылы әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес, 18 электр қуатымен қамту нысаны, сондай-ақ, ұзындығы 26,4 км 10 кВ кабель желісі «Астана - Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ балансына алынды.
Өткен жылмен салыстырғанда электр желілеріндегі апаттылық көрсеткіші 2% төмендеді. Әлеуметтік маңызды нысандарда және көп пәтерлі тұрғын үй қорында апаттың орын алуының алдын алу үшін 0,4 және 10 кВ қалалық және кварталішілік электр желілері ауыстырылды. Жылыту маусымында болжанып отырған электр қуатының ең жоғары жүктемесі - 609 МВт.