Астанада 5 қоғамдық көліктің бағдары уақытша өзгерді
АСТАНА. KAZINFORM — «City Transportation Systems» ЖШС елордада жолаушылар тасымалдайтын 5 автобустың бағдары өзгергенін мәлімдеді.
«Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 6,16,37,39,42 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», — деп жазды жауапты ведомстводан.
Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.
Айта кетейік, бұған дейін «Жасыл даму» қаржысына жаңа автобустар сатып алынатынын жазған болатынбыз.