Астанада 5 метр биіктіктен құлаған цирк әртісінің қазіргі жағдайы белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM – Елорда циркінде өнер көрсету кезінде әртіс биіктен құлап, жарақат алды. Науқастың қазіргі жағдайы туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына дереу жетті, қазір науқас ауруханада ем алып жатыр.
– Пациентке бас жарақаты мен ми шайқалуы диагнозы қойылды. Жалпы жағдайы – орташа ауыр, тұрақты, – деп хабар алдық қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан.
Айта кетсек, кеше белгілі болғандай, Шарм-эш-Шейх әуежайында Астанаға дейін баратын DV5270 рейсіне отырар кезде үш қазақстандық әйелге жарнама тақтасы құлады. Оқиғаның салдарынан қазақстандық әйел мерт болды, тағы екі отандасымыз жарақат алды.
Қаза тапқан әйелдің ұлы да жатын орынмен қамтамасыз етілді. Қазақстан Елшілігімен барлық қажетті консулдық, құқықтық және гуманитарлық көмектер көрсету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Шарм-эш-Шейх әуежайында көз жұмған әйел құқық қорғау саласында жұмыс істеген.