Астанада 5-метрлік бағаннан құлап, электр монтері жарақаттанды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 24 наурыз. ҚазАқпарат - Астанада электр монтері 5 метрлік бағаннан құлап, жарақат алды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Астанада 5-метрлік бағаннан құлап, электр монтері жарақаттанды - ҚР ТЖМ

Сенбі күні, 23 наурызда Астанада «Астана қалалық жарық» ЖШС-нің 40 жастағы жұмысшысы электр-монтаж жұмыстарын жүргізу барысында Хусейн бен Талал көшесіндегі 5 метрлік жарықтандыру бағанынан құлады.

Электр монтері ауруханаға жатқызылды.