Астанада 5 млн теңге декреттік жәрдемақыны заңсыз алу ісі тергелуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада сомасы 5 млн теңгеден асатын декреттік жәрдемақыны заңсыз алу ісі тергелуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі елорданың мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қалалық МКД экономикалық тергеу қызметінің өндірісінде ҚР ҚК 190-бабы 3-тармағы 1-тармақшасы бойынша Сотқа дейінгі тіркеудің бірыңғай тіркеліміне 28.03.2017 жылы жүктілік пен бала тууға берілетін әлеуметтік жәрдемақыны жалған құжаттармен заңсыз алу фактісі тіркелген.
2011 жылдың 1 қаңтарынан 2013 жылдың 30 шілдесі аралығында 400-ден астам әйел жүктілік пен бала туу жәрдемақысын алу үшін «Әлеуметтік төлемдер жөніндегі ведомствоаралық есеп айырысу орталығы» (ЗТМО) департаментіне шағымданған. ЗТМО қызметкерлері Астана қалалық ЗТМО бөлімшесіне жүктілік пен бала туу бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау ісіне тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесі бойынша, әйелдер жұмыс берушілердің - жеке кәсіпкерлердің атынан жүктілікке және бала тууға байланысты табыстарды жоғалту бойынша жәрдемақы алу үшін аудандық бөлімшелерге құжаттар өткізген.
Жеке кәсіпкерлерді тергеу барысында мұндай әйелдердің жұмыс істемегендігі және сәйкесінше, ЖК атынан құжаттардың ұсынылмағандығы анықталды. Мемлекеттік қаржыны заңсыз алу фактісі бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілді.
№2 Сарыарқа аудандық соты 1 тамыз күні күдікті М.Б.Шындәулетовтің жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салды. Ол қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылып, 2 айға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. 4 тамыз күні А.Е.Сәдуақасова қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылып, оған қатысты «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасы қарастырылды.
13 оқиға бойынша мемлекет мүддесінің залалы 5 181 288 теңгені құрады. Ол қазіргі таңда толықтай өтелді.